$540.05 €629.16 ₽6.65
×

Екі жылда 340 мектеп пайдалануға берілді

Екі жылда 340 мектеп пайдалануға берілді

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында айтты.

«Келешек мектептері» жобасы аясында 310 мың орынға арналған 160 мектеп бой көтерді. 2024-2025 жылдары барлығы 484 мың орынға арналған 340 мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 111 мектеп салу жоспарланып отыр. 245 мектепке кешенді жаңғырту жұмыстары қарастырылған», - деді Премьер-министр жиында.

Сондай-ақ студенттерге де қолайлы жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Осы жылдың басынан бері 4 жатақхана іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы 29 жатақхана ашу жоспарланып отыр.