30 қыркүйектен бастап Қазақстанда тұтынушылық кепілсіз онлайн-қарыздар рәсімдеу ережелері өзгереді. Жаңа талаптарға сәйкес, қарыз алушылар үшін арнайы «шешім қабылдау кезеңі» енгізіледі,-деп хабарлайды Astana TV.
Егер қарыз сомасы 150 АЕК-тен (589 800 теңге) 255 АЕК-ке (1 002 660 теңге) дейін болса, қарыз шартына қол қойылғаннан кейін кемінде 8 сағаттық кідіріс енгізіледі.
Ал 255 АЕК-тен жоғары банктік қарыздар және 75 АЕК-тен (294 900 теңге) жоғары микрокредиттер бойынша күту уақыты кемінде 24 сағатты құрайды.
Осы уақыт өткен соң ғана қаржы ұйымы қарыз алушының келісімін алып, ақшаны аударуға құқылы болады.