$540.05 €629.16 ₽6.65
×

Мемлекетке 56 млн теңгеден астам залал келтірген мемқызметші сотталды

05.09.2025ж. 17:17
Мемлекетке 56 млн теңгеден астам залал келтірген мемқызметші сотталды

Сырым ауданы прокуратурасының тексеруі нәтижесінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бұрынғы басшысының жол құрылысы кезінде заңбұзушылықтарға жол бергені анықталды,-деп хабарлайды  Astana TV.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, бұрынғы бөлім басшысы қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, заңсыз әрекеттерге барған. Тергеу барысында соның салдарынан мемлекетке 56 млн астам теңге көлемінде залал келтірілгені дәлелденді.

– Сырым аудандық соты бұрынғы бөлім басшысын кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енді, - деп хабарлады ведомстводан.