$540.05 €629.16 ₽6.65
×

Екі шетелдік азамат 13 тонна есірткімен ұсталды

Екі шетелдік азамат 13 тонна есірткімен ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында 13 тонна 183 килограмм кокаинмен екі шетелдік азаматты ұстады. Бұл -Қазақстан тарихында бір жолы тәркіленген ең ірі есірткі партиясы.

Күдіктілер  аса ірі көлемдегі есірткіні Қазақстан арқылы үшінші елдерге транзит жасамақшы болған көрінеді. 

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасының халықаралық арнасын жою бойынша көп сатылы операция өткізді. Уақтылы қабылданған шаралардың арқасында Алматы қаласында республика тарихындағы ең ірі бір реттік партия - 13 тонна 183 килограмм кокаин есірткісі тәркіленді», - деп хабарлайды ҰҚК.