Биыл дамуында ерекшелігі бар 6 мыңнан аса бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттады. Ерекше балаларға арналған 1 мыңнан аса инклюзивті кабинеттер ашылған. Арнайы мектептің шағын нұсқасы ретінде қосымша 2,5 мыңнан аса сыныптар жасақталған. Бұл ретте өңірлер қажетті мамандар дайын, кедергісіз орта құрып, біліктілікті арттыруға 90 пайыз әзірміз деп мәлімдеді. Қазақстанда мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі 138 мыңнан аса бала бар десек, олардың 86 мыңы жалпы білім беру жағдайында оқып жүр. Оқушылардың білім алуына 3 жарым мыңнан аса педагог ассистенті көмектесуде.
ЛАУРА БҰТАБАЕВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ИНКЛЮЗИВТІ ЖӘНЕ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Қосымша зияты зақымдалып жатса, зияты зақымдалған балалрға арналған арнайы сыныптарға баруға болады. Егер зияты зақымдалған болса, арнайы бағдарламаларды меңгере алады, бірақ олардың жүріс-тұрысын түзетуге бағытталған басқа сипаттағы арнайы қолдау қажет болады. Әр мектепте ашылуға тиіс психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарымен көрсетілуі тиіс.