$537.91 €628.87 ₽6.6
×

Қарағанды облысында “AMANAT” партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 10 мектеп пайдалануға беріледі

05.09.2025ж. 19:00
Қарағанды облысында “AMANAT” партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 10 мектеп пайдалануға беріледі

Қарағанды облысында “AMANAT” партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 10 мектеп пайдалануға беріледі. Олар -ауылдағы апаттық білім мекемелерінің орнына салынған немесе қаладағы жайлы мектептер.

Қарқаралы ауданының Талды ауылында 200 орындық жаңа мектеп ашылды. Елдімекенде балалар апатты мектепте оқып келген еді. Енді жаңа әрі заманауи толық жабдықталған мекемеде білім алады. Тағы бірнеше нысан Қарағанды және Балқаш қалаларында пайдалануға берілді. Мұнда оқушылардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған: мультимедиялық құралдармен жабдықталған сыныптар, робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар жұмыс істейді. Сонымен бірге спорт және ойын, футбол алаңдары бар. Өңірде «Келешек мектептері» ұлттық жобасымен 10 мектеп салу  жоспарланған. 

БЕКЗАТ АЛТЫНБЕКОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қарағанды қаласында нөмірі 28 мектеп есігін айқара ашып, оқушыларды қарсы алуда. Бұған дейін Ыбырай Алтынсарин атындағы үш ауысымдық мектепте оқып келген біраз бала бүгіннен бастап  осында білім алмақ.

Бұл мектеп “Жайлы мектеп” бағдарламасы  «АMANAT» партиясының жол картасы аясында жүзеге асты”.