$537.91 €628.87 ₽6.6
×

Қазақстандықтардың 75,9%-ы елдің даму бағытын оң бағалады

05.09.2025ж. 19:00
Қазақстандықтардың 75,9%-ы елдің даму бағытын оң бағалады

Ел азаматтарының 90%-ы Қазақстанмен мақтанады. Бұл туралы Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнаманың нәтижесінде белгілі болды. Сауалнамаға 8 000 азамат қатысты. Сұралғандардың 75,9%-ы елдің дұрыс бағытта дамып жатқанын атап өтті. Ең жоғары әлеуметтік оптимизм деңгейі 18–29 жас аралығындағы жастарға тән (84,6%). 61 жастан жоғары азаматтарда да мемлекеттің болашағына қатысты оптимизм жоғары деңгейде. (70,6%). Ел дамуының қазіргі бағытын қала тұрғындарына (73,8%) қарағанда ауыл тұрғындары (79,3%) анағұрлым дұрыс деп санайды. Ал ең перспективалы салаларға келер болсақ, бірінші орында агроөнеркәсіптік сектор – 38,9%. Одан кейін цифрландыру және жасанды интеллект – 30,6%, энергетика – 25,3%, көлік және транзит – 17,5%, одан кейін адами капиталды дамыту – 13,1% тұр.