$537.91 €628.87 ₽6.6
×

Шетелдік инвесторлар Қызылордадағы кәріз суын тазалау станциясының жұмысын жандандыруға ниетті

Шетелдік инвесторлар Қызылордадағы кәріз суын тазалау станциясының жұмысын жандандыруға ниетті

«Еліміздің қай өңірін алсақ та кәріз суын биологиялық тазалау жұмыстары үлкен мәселе. Енді оны түбегейлі шешіп, Экологиялық кодкстің орындалу барысын қадағалау керек.» Қызылордаға жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин осылай дейді. Ол қаладағы кәріз суын биологиялық тазалау станциясының жай-күйімен танысты. Оның жұмысын жандандыруға ниетті шетелдік инвесторлармен кездесті. Қазіргі таңда онда тәулігіне 15 мың текше метр лас су құйылады. Ал  құны 10 млн АҚШ доллары болатын жаңа жобаның негізінде ол 70 мыңға ұлғаймақ.   

ЕДІЛ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл -мемлекетіміздегі ең үлкен проблемалардың бірі. Президентіміздің берген тапсырмасы бар. Суды біз үнемді пайдалануымыз керек. +Қазір әлемде көптеген технологиялар бар. Жетілген. Бізге сол технологияларды әкелу керек, бір. Екінші бізге конпитенция, біліктілік керек. Сонымен ертең жұмыс жасайтын азаматтарымыздың деңгейін көтеруіміз керек.