$537.91 €628.87 ₽6.6
×

Қазақ тілі цифрлық форматқа дайын

AstanaTV
05.09.2025ж. 19:00
Қазақ тілі цифрлық форматқа дайын

Қазақ тілін технология түсіне алады. Тіл жанашырлары архивтерден, түрлі мекемелер мен ұлттық қорлардан деректерді тізбектеп, жасанды интеллект қорыта алатындай 6 миллиард сөз қолданысын жинақтады.

Қазақ тілі цифрлық форматқа толықтай дайын. Бүгін Қазақстан халқы тілдері күніне орай өткен республикалық конференцияда бірнеше жоба таныстырылды. Сөз қолданысындағы барлық қателер қазақ тілінің заңына сәйкес, стилистикалық, құрылымдық , грамматикалық жағынан ықшамдалып арнайы модель ретінде жасақталды. Бұл сөздер мемлекеттік қызметшілерге, компанияларға қолжетімді. Сол арқылы жасанды интеллект, цифрлы платформа дәуірінде қазақ тілі заманауи форматқа бейімделуде.  Сондай-ақ, бүгін халықтың сауатын арттыруға бағытталған "Ұлттық диктант" жобасы басталды.

САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:

Цифрлық форматқа дайын қазақ тілі. Яғни қазір үлкен қосымшалар, платформалар, Мета болсы, Тик-ток болсын, кез-келген ұлттық компания болсын, дайын модельді алады да өзінің қызметіне қоса салады да, қазақ тілінде бүкіл қызметті толыққанды беруге мүмкіндік бар.