Орал қаласын тұрмыстық қалдықтардан тазартуды көздеген белсенді жастар жаңа жоба бастады. "50 таза аула" бастамасына сай, олар қазан айына дейін көпқабатты үйлердің ауласын мұнтаздай қыламыз деп отыр. Қазір ерікті студенттер мен белсенді жастардан жасақталған топ үшінші үйдің ауласын тазартуға кіріскен. Бірі тозығы жеткен балалар алаңын қалпына келтіріп, арамшөпті жұлса, енді бірі қоршауларды жаңартып, бояп жатыр. Өңірде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына жүз мыңнан астам адам қатысып, мыңдаған тонна қоқыс шығарылыпты.
АЙБЕК ШАРИПОВ, БҚО ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Демеушілер табылып жатыр, ел ағалары, депутаттардан шығып. Осындай аула болса жасайық, демеп көмек білдіреміз деп. Сонымен қатар қазір волонтерлер де көбейіп жатыр еріктілер. Біз де осы жобаға қатысқымыз келеді, аз да болса үлесімізді қосайық деген.