$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Алматылық кәсіпкерлерге 35 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

AstanaTV
16.11.2017ж. 20:00
2212
Алматылық кәсіпкерлерге 35 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Алматылық кәсіпкерлерге 35 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Өйткені олар жұмыс жүргізіп отырған ғимараттарда қауіпсіздік деңгейі төмен. Террорлық шабуылға ұшырауы мүмкін нысандарды тексеру барысында мыңнан аса ұйымның талапқа сай еместігі анықталды.

607 нысанға қауіпсіздігін нығайту бойынша нұсқаулық берілсе, тағы 100-ден астамына әкімшілік хаттама толтырылған. 78 жетекшіге айыппұл салынды. Алматыда лаңкестер шабуылына душар болуы мүмкін 1574 нысан тіркелген. Оның 146-сы аса маңызды мемлекеттік нысандар, 149-ы - стратегиялық, 16-сы - қауіпті өндірістік орындар. Ал 1242-сінде халық көп шоғырланады. Қауіпсіздік ережесін бұзғандар санатында ірі ойын-сауық орталықтары да бар.