$537.91 €628.87 ₽6.6
×

Президент Астана әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Президент Астана әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Биыл Елордада 1 млн-нан аса жасыл желек егіледі. Оған қоса, 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылмақ. Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады. Президент тапсырмасына сай, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында елордада 1 қыркүйекте 28 мың оқушыға арналған 7 жаңа мектеп ашылған. Тағы 15 жаңа мектеп пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, шаһардың жылыту қуаты 30 пайызға ұлғайған.  Мемлекет басшысы қала әкіміне жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мен кәріз жүйесін реттеуді тапсырды.

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мысалы, инвестицияның көлемі былтырмен салыстырғанда 40 процент өсімді көрсетіп отыр. Құрылыс саласы да, транспорт саласының да көрсеткіштері жақсы. Жыл соңына дейін 5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға береміз деп жоспарлап отырмыз.