$537.91 €628.87 ₽6.6
×

Есірткі қылмысы үшін сотталған мыңға жуық жасөспірім түрмеден ерте шығады

Есірткі қылмысы үшін сотталған мыңға жуық жасөспірім түрмеден ерте шығады

Қазақстанда есірткі қылмысы үшін әртүрлі мерзімдерге сотталған мыңға жуық жас адам түрмеден ерте босап шығады, деп хабарлайды Astana TV.

Бұл туралы  ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов айтты.  

«Әлем бойынша қарасақ, есірткі қылмысы ең ауыр қылмысқа жатады және оныі жазасы да ең ауыр. Кейбір ел тіпті бұндай қылмыс үшін өлім жазасын қолданады. Бірақ, біздің елде есірткі қылмысына 16-18 жас аралығындағы жастар араласып кеткендіктен, оларға екінші мүмкіндік бердік», - деді ол брифингте.