«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында былтыр 18 жасқа дейінгі балалардың шотына 8 млн 880 мың АҚШ доллары түсті. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты,-деп хабарлайды Astana TV.
Бағдарлама бастапқы капиталды қалыптастырады. Ал «Келешек» жүйесі әр бүлдіршінге жоғары білім алуға қажетті қаражатты жинақтауға мүмкіндік береді. Арнайы есепшотқа мемлекет те, ата-ана да қаржы салады. Бастапқы капитал ретінде мемлекеттен 60 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 236 мың теңгеге жуық ақша түседі. Оған қоса 7 пайыз сыйақы беріледі. Бастапқы капиталды алу үшін ата-ана өз салымдарын ай сайын аударып отыруы керек. Осылайша барлық қаржы көзі мен сыйақыны қосқанда, 18 жасқа дейін есепшотта 5 млн теңгеден аса қаражат жиналады. Егер мектеп түлегі мемлекеттік грант жеңіп алған жағдайда, шотта жинақталған қаражатқа тұрғын үй сатып алуына болады.