$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдауында министр Д.Абаев азаматтарды қабылдады

AstanaTV
16.11.2017ж. 20:00
2723
«Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдауында министр Д.Абаев азаматтарды қабылдады

Шалғай ауылдарда интернеттің жылдамдығы нашар. Отандық телеарналарда жастарға арналған бағдарламалар жетіспейді. Қазақстандықтар онлайн режимде Ақпарат және коммуникациялар министріне осындай мәселелерді жолдады.

«Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдауына келген министр азаматтарды жеке қабылдады. Жазылған 11 адамның бірі астаналық Гүлжан Құлмағанбетова құрылыс компаниясы басшысының үстінен сотқа шағым түсіргісі келеді. Алайда Үкіметтің электронды базасында ол туралы ақпарат таба алмаған. Дәурен Абаев мәселені шешуге уәде берді. Алматылық Жалғас Әлібаев ІТ компанияларға қолдау көрсетілсе дейді 

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

ЕХРО базасында келесі жылы стартап-хаб ашамыз. Біз онда жақсы экожүйе қоюды жоспарлап отырмыз. Стартап жобалар арасынан қажеттіні таңдап алатын болады. Ол жерге барып, мәселелеріңізді шешуге мүмкіндік аласыздар.