×

Әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті

Әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті

Бүгін, 6 қыркүйекте, елорданың «Тарлан» мұз айдынында пара хоккейден (В-пул) әлем

чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары Жарасбаев Серік Маратұлы, сондай-ақ Халықаралық пара хоккей федерациясының техникалық делегаттар басшысы Питер Андерссон қатысты.

«Мемлекет тарапынан елімізде мүмкіндігі шектеулі

тұлғалардың дене шынықтырумен және спортпен

шұғылдануы үшін барлық жағдай жасалуда. 2024 жылдан

бастап пара хоккейден ұлттық штаттық құрама

командасы құрылды. Соның нәтижесінде осы санаттағы азаматтардың спортпен айналысу үлесі жыл сайын артып келеді», – деді Серік Маратұлы өз сөзінде.

Чемпионат 6–11 қыркүйек аралығында өтіп, оған Италия,

Жапония, Швеция, Қазақстан, Франция және Финляндия құрамалары қатысуда. Турнир айналмалы жүйе бойынша

ұйымдастырылып, қорытындысы бойынша алғашқы екі орын алған командалар А тобына өтеді.