$537.91 €628.87 ₽6.6
×

AIU және Бейжің тіл және мәдениет университеті Астанадағы BLCU филиалында магистратураны іске қосу туралы келісімге қол қойды

AIU және Бейжің тіл және мәдениет университеті Астанадағы BLCU филиалында магистратураны іске қосу туралы келісімге қол қойды

Астана Халықаралық университетінің делегациясы ресми сапармен Бейжіңге барды. Сапар аясында Бейжің тіл және мәдениет университетінің (BLCU) басшылығымен кездесу өтті.

Осы күндері Бейжіңде өткен «Қазақстан–Қытай іскерлік кеңесі» алаңында, Қазақстан Республикасы Білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен, AIU Президенті Серік Азтайұлы мен BLCU Президенті Дуань Пэн Астанадағы (AIU базасында) BLCU филиалында магистрлік бағдарламаларды іске қосу туралы келісімге қол қойды.

Келісімде екі магистрлік білім беру бағдарламасын ашу көзделген:

 «International Chinese Language Education»;

«International Affairs».

Осы бағдарламаларды іске асыру филиалда «Foundation – бакалавриат – магистратура» кадрларды даярлаудың өтпелі жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оның Орталық Азияның білім беру кеңістігіндегі орнын айтарлықтай нығайтады. Қазіргі уақытта докторантура бағдарламаларын іске қосу мәселесі пысықталуда, бұл филиалға толыққанды ғылыми-білім беру орталығы мәртебесін береді.

Биылғы оқу жылында Астанадағы BLCU филиалына (AIU базасында)  Қытай тілін үйрену бағдарламалары бойынша 150 білім алушы, «International Chinese Language Education» және «International Affairs» бағыттары бойынша 80 бакалавриат студенттері қабылданды.

Бұл келісімге қол қою Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың дамуын айқындайтын маңызды кезең болып, филиалдың табысты қызметін айқын дәлелдейді.