Әлемде жаңа туған нәрестелер дене қызуы күрт көтерілуі салдарынан сал болып қалады. Немесе шетінеп кету жағдайы жиі кездеседі. Ғалымдар осы сырқатпен күресу мақсатында жаңа «басқармалы гипотермия» құрылғысын ойлап тапқан. Ол баланың дене температурасын қалыпты ұстап тұруға мүмкіндік береді. «Аяла» қайырымдылық қоры аса қажет құрылғының екі данасын Қазақстанға жеткізген. Бүгін соның бірін «Ана мен бала» орталығына сыйға тартты. Германиядан жеткізілген құрылғы 30 мың еуро тұрады. Қажетті қаражат демеушілер есебінен және Астанада өткен марафонда жиналған.
Салтанат Әскербекқызы, «Аяла» қайырымдылық қорының астанадағы өкілі:
Мидың клеткаларын сақтау үшін, ми қызуын қалыпты жағдайда ұстауға мүмкіндік береді. Біз бұл құрылғыны қоя салмай, қолданудың әдістемесін әзірледік. Енді мамандарды қолдану бойынша оқытамыз.
Тамара Чувакова, «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығының ғылыми кеңесшісі:
Біз әр бір орталықта осы әдістеме енгізілсе дейміз. Бұл баланың сау жетіліп, туа біткен сал ауыруынан сақтай алатын еді. Мидың зақымдануына жол бермейді бұл құрылғы.