$537.91 €628.87 ₽6.6
×

Төрехан Сабырхан қарсыласын жеңді

Төрехан Сабырхан қарсыласын жеңді

Қазақстан құрамасының боксшысы Төрехан Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады!

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Төрехан үшін дебюттік кездесу оңай болған жоқ. Алжирлік Эсуф Яиче лайықты қарсылық танытып, айқасты шиеленістіре түсті. Дегенмен, үшінші раундта Төрехан екі мәрте қарсыласын нокдаунға жіберді.

Осылайша қазақстандық боксшы 3:2 есебімен төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.