Қамыс пен құрғақ шөптің өрті толығымен сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы шамамен 7 га. құрады.
ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында оттың тұрғын үйлерге таралуына жол берілмеді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 50 жеке тұрғын үй өрттен аман қалды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы өрт ошақтарына 12 рет шамамен 36 тонна су төкті. Бұл өртті қысқа мерзімде оқшаулауға және оның қарқындылығын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.
Өртті сөндіруге шамамен 40 қызметкер және 9 бірлік техника, сондай-ақ ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды.