$537.91 €628.87 ₽6.6
×

Жаңа туған сәбиді ауруханаға ұшақпен жеткізді

Жаңа туған сәбиді ауруханаға ұшақпен жеткізді

ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары жаңа туылған сәбиді ауруханаға жеткізді.

ҚР ТЖМ әуе кемесінің экипажы Қармақшы ауданы Төретам елді мекенінен Қызылорда қаласына жаңа туылған сәбиді эвакуациялауды жедел орындады.

Жаңа туылған сәбиді шұғыл ауруханаға жеткізу қажет болды. Медициналық бригаданың және ұшқыштар: Назель Нұрғалиева мен Бейсенғали Тоғызбаевтың үйлесімді жұмысының арқасында жаңа туылған сәби медициналық мекемеге қауіпсіз әрі жылдам жеткізілді, онда оған қажетті көмек көрсетілді.