$537.91 €628.87 ₽6.6
×

Газ баллонды қауіпсіз жерге шығарды

Газ баллонды қауіпсіз жерге шығарды

ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде газ баллонды қауіпсіз жерге шығарды.

 Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы Қарауылтөбе көшесінде өрт шықты. Моншаның шатыры мен үй ішіндегі тұрмыстық заттар отқа оранған.

Жалын көршілес үйдің шаруашылық құрылысына да тараған. Алайда өрт сөндірушілердің кәсіби әрі жедел әрекетінің арқасында өрт дер кезінде оқшауланып, одан әрі таралуына жол берілмеді.

Құтқарушылардың жедел әрекеті нәтижесінде өрт орнынан тұрмыстық газ баллоны шығарылып, ықтимал жарылыстың алдын алынды.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.