$537.91 €628.87 ₽6.6
×

Виктория Графеева жарысты сәтті бастады

Виктория Графеева жарысты сәтті бастады

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Виктория Графеева бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады.

Бұрымды боксшымыз 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде.

Отандасымыз алғашқы кездесуінде Донета Садикумен (Косово) өзара мықтыны анықтады.

Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен Виктория Графеева үшінші раундта басымдық танытып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.