$537.91 €628.87 ₽6.6
×

Тікұшақ құлады

07.09.2025ж. 15:11
Тікұшақ құлады

Полицияның мәліметінше, оқиға Лейквилл қаласы аумағында, Эйрлейк әуежайының батыс жағында болған, деп хабарлайды Astana TV.

Кейін анықталғандай, апатқа Robinson R66 үлгісіндегі бірқозғалтқышты турбиналы тікұшақ құлаған. Ол бір ұшқыш пен төрт жолаушыға арналған. Құтқарушылар апат орнынан аман қалғандарды таппады. Қазіргі уақытта әуе кемесінде қанша адамның болғаны нақтылануда.

Оқиға елді мекеннен алыс жерде болғандықтан, жер үстінде зардап шеккендер жоқ.

Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі  тікұшақ белгісіз себеппен құлағаннан кейін өртеніп кеткенін мәлімдеді. Кеңес өкілі жексенбі күні оқиға орнына келіп, апатты тіркеп, әуе кемесін тексермек. Кейін тікұшақ арнайы күзетілетін аймаққа жеткізіліп, толық сараптама жүргізіледі.

Апат туралы АҚШ-тың Федералды авиация басқармасы да хабардар етілді. Ол да өз мамандарын аттандырып, тергеу Ұлттық кеңеспен бірлесіп жүргізілетінін полиция растады.