$537.91 €628.87 ₽6.6
×

Нұрбек Оралбай жеңіске жетті

07.09.2025ж. 17:27
Нұрбек Оралбай жеңіске жетті

Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Astana TV.

Жерлесіміз 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде.

Нұрбек алғашқы айналымда Матвей Ражбамен (Украина) өзара мықтыны анықтады.

Отандасымыз бірінші раундтан-ақ тізгінді қолына алып, жекпе-жектің соңына дейін басымдығын сақтап қалды. Нәтижесінде, төрешілердің шешімі бойынша 5:0 есебімен жеңіске жетті.