$537.91 €628.87 ₽6.6
×

Алматыда үш қабатты ғимарат шатырындағы өрт 200 шаршы метр аумақты шарпыды

07.09.2025ж. 18:35
Алматыда үш қабатты ғимарат шатырындағы өрт 200 шаршы метр аумақты шарпыды
Фото: ТЖМ

Алматы қаласының Әуезов ауданында шаруашылық құрылысын қамтылған өрт үш қабатты ғимараттың шатырына ауысқан, деп хабарлайды Astana TV.

Оқиға орнына қалалық ТЖД-ның 32 қызметкері мен 9 техникасы жұмылдырылды.

- Өрт сөндіру барысында шатырдың ішінара құлауы орын алды. Дегенмен құтқарушылар үздіксіз су беруді ұйымдастырып, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмыс істеді, - деп жазылған ақпаратта.
Өрт 200 шаршы метр аумақта сөндірілді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндірушілер жалынның көрші үйге таралуына жол берген жоқ.