Экология министрлігі әлеуметтік желілерде таралған бейнероликке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Astana TV.
Айта кетерлігі, 6 қыркүйекте Қостанай облысының Жангелді ауданында қалдырылған киік қалдықтары туралы ақпарат тараған.
Аталған фактіні тексеру мақсатында әкімдік пен ветеринария қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы жедел түрде оқиға орнына жіберілді, ұша қалдықтары анықталған жоқ. Аумақты тексерудің комиссиялық актісі жасалды, - делінген хабарламада.
Осылайша, ішкі бөліктерді одан әрі кәдеге жаратусыз кесу орнында қалдыру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
Министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалған ақпарат таратқаны және оны таратуға жәрдемдескені үшін қылмыстық жауапкершілікке дейін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.