$537.91 €628.87 ₽6.6
×

125 вокзалда жөндеу жұмыстары жүргізілуде

07.09.2025ж. 22:19
125 вокзалда жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Astana TV.

Вокзалдық инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту бағдарламасы аясында көшпелі комиссиялар құрылып, 25 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында объектілердің алдағы жылу маусымына дайындығына кешенді тексеру жүргізілген.

«Уақытша ғимараттардың жай-күйі, жабдықталуы бойынша талаптарға сәйкестігі, жылыту, жарықтандыру жүйелерінің және ақпараттық сервистердің жұмыс істеуі тексерілді. Комиссиялардың қайта тексеруі 15-20 қыркүйек аралығына жоспарланды», - делінген хабарламада.