$537.91 €628.87 ₽6.6
×

Дәрігерлер ер адамның миынан ұзындығы 18 сантиметрлік тірі құртты алып шықты

08.09.2025ж. 08:12
Дәрігерлер ер адамның миынан ұзындығы 18 сантиметрлік тірі құртты алып шықты

Қытай дәрігерлері ер адамның миынан ұзындығы 18 сантиметр болатын тірі таспа құртты алып тастады, деп хабарлайды Astana TV.

Бұл туралы Mothership басылымы жазды.

Хунань провинциясының тұрғыны алғаш рет 2024 жылдың сәуір айында шағым айта бастаған: ол көз алдында мозаикалық дақтардың пайда болғанын және оларда бөгде зат бар секілді сезілетінін айтқан. Алайда офтальмолог ешқандай ауытқуды анықтамаған. Тек МРТ мидағы бөтен денені көрсеткен. Дәрігерлердің ұсынысына қарамастан, ол кезде науқас операциядан бас тартқан.

2025 жылдың шілде айының соңына қарай ер адамның жағдайы күрт нашарлайды – ол есінен танып, денесі құрысып, аузынан көбік аға бастаған. Дәрігерлер ота жасау туралы шешім қабылдап, бас сүйегінен Spirometra тобына кіретін паразитті алып тастады.

Он күн емделгеннен кейін науқас үйге шығарылды. Ер адам көп жыл бұрын жыланның шикі өт қабын жегенін айтты, дәрігерлер вирусты сол кезде жұқтырған деп есептейді.