$537.91 €628.87 ₽6.6
×

Ыстамбұлда наразылық басталды

08.09.2025ж. 09:12
Ыстамбұлда наразылық басталды

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, полициямен қақтығыс елдің негізгі оппозициялық күші Республикалық халық партиясының штаб-пәтері маңында жүздеген демонстранттар жиналды, деп хабарлайды Astana TV.

Наразылықтар Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанның саяси шешімдеріне қарсы бағытталған. Болжам бойынша, мәселе соттың Республикалық халық партиясын Ыстамбұл басшылығын қызметінен аластатып, билік партиясынан сенімді тұлғаны тағайындауында болып отыр.

Жағдай ушығып тұрған тұста оппозициялық Республикалық халық партиясының жетекшісі Озгур Озел жақтастарын партияның штаб-пәтеріне жиналып, "бірыңғай алдыңғы шепке" шығуға шақырды.

Қауіпсіздік күштері Түркияның негізгі оппозициялық партиясының (Республикалық халық партиясы) штаб-пәтерін қоршауға алды, ал шерушілер қоршауды бұзып өтуге тырысуда. Әзірге қаза тапқандар мен ұсталғандар туралы ақпарат жоқ.

Сонымен бірге Ыстамбул губернаторлығы қаланың бес ауданында – Бейоғлу, Эйүпсұлтан, Кагытхане, Сарыер және Шишлиде митингілер, ашық аспан астында баспасөз мәслихаттары, жиындар мен шерулер өткізуге уақытша тыйым салғанын жариялады.

Бұл шешім 7 қыркүйекте күшіне енді және 10 қыркүйекке дейін күшінде болады.