Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті енді инвесторлар құқығын қорғау комитеті деп аталады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты.
«Мемлекеттік бюджетке шамамен 850 млрд теңге қайтарылды. Бұл қаражатқа 10 мектеп пен 4 спорт нысаны салынды. Сонымен қатар, 235 денсаулық сақтау және 177 су инфрақұрылымы объектісінің құрылысы мен жаңғыртылуына жұмсалды. Алдағы уақытта республикалық бюджетке қосымша қаражат түседі деп күтілуде», – деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бөлек, Президент Ұлттық банк базасында цифрлық активтердің мемлекеттік қорын құру қажеттігін атап өтті.