Президент «Қарызсыз қоғам» жобасын жалғастыру керек деді.
«Азаматтардың қаржылық сауатын арттыру мәселесі әлі де өзекті. Осы ретте «AMANAT» партиясы ұсынған «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру керек. Былтырдың өзінде осы жоба аясында 845 мың адам сауатын жетілдіріп, заңгерлік кеңес алды. Түпкі мақсат – халықтың мойнындағы қарызын азайту емес, азаматтардың табысын тұрақты болуын қамтамасыз ету», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.