$535.13 €627.44 ₽6.52
×

Қостанайда құтқарушылар түтін басқан пәтерден анасы мен оның екі баласын алып шықты

08.09.2025ж. 21:19
Қостанайда құтқарушылар түтін басқан пәтерден анасы мен оның екі баласын алып шықты

 Оқиға 9-шы шағын аудандағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде орын алды,-деп хабарлайды Astana TV.

Алтыншы қабатта ас үй бөлмесінде плитадағы май жанып, от тез жиһазға тараған, нәтижесінде пәтерді толығымен қалың түтін басты. 

 Қорқып қалған әйел балаларымен бірге бөлмеге кіріп, есікті жауып, өз бетінше қайтадан есікті ашып, шыға алмады. Көмекке келген ТЖМ қызметкерлері есікті сындырып құтқару капюшондарын пайдалана отырып, пәтерден үш адамды, оның ішінде екі баланы шығарды.

 ️Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері құтқарылғандарды далада күтіп алып, оларды дәрігерлерге тексеруге тапсырды. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Зардап шеккендер жоқ.