$535.13 €627.44 ₽6.52
×

Қытай жаңа «Яогань» спутниктерін орбитаға шығарды

08.09.2025ж. 22:50
Қытай жаңа «Яогань» спутниктерін орбитаға шығарды

Қытай Жерді қашықтан зондтау үшін «Яогань» класына жататын жаңа топтағы спутниктерді ұшырды, деп хабарлайды  Astana TV Анадолы сайтына сілтеме жасап.  

«Yaogan-40 03» спутниктері Шаньси провинциясындағы Тайюань ғарыш айлағынан «Long March-6» зымыран-тасығышы арқылы орбитаға шығарылды.

Аппараттардың есептік орбитаға сәтті шыққаны және олар электромагниттік ортаны зерттеу мен соған байланысты техникалық сынақтар жүргізу үшін пайдаланылатыны атап өтілді.

Бұл ұшыру «Long March» сериясындағы 593-ші миссия болды.

«Яогань» атауы қытай тілінен аударғанда «қашықтан зондтау» дегенді білдіреді. Алайда бірқатар батыс дереккөздері бұл кластағы спутниктер шын мәнінде әскери барлау аппараттары болып табылады және олар ғарыш, кибер және электрондық соғысқа жауап беретін Қытай халық-азаттық армиясының Стратегиялық қолдау күштерінің бақылауында тұр деп мәлімдейді.