$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Azur Air ұшағы шұғыл түрде Атырауға қонды

08.09.2025ж. 16:53
Azur Air ұшағы шұғыл түрде Атырауға қонды

Атырау әуежайында Екатеринбургтен Антальяға ұшып келе жатқан Azur Air ұшағы шұғыл түрде қонды,-деп хабарлайды Astana TV.

Ұшақта 300-ден астам жолаушы болды.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, себеп — техникалық ақау. Ұшқыштар жақын әуежайға шұғыл қонуға сұраныс берген.
Қону сәтті өтті, зардап шеккендер жоқ.