$535.13 €627.44 ₽6.52
×

"Әр баланың өмірі қымбат": Президент электросамокаттар туралы заңды шұғыл өзгертуді тапсырды

08.09.2025ж. 19:00
"Әр баланың өмірі қымбат": Президент электросамокаттар туралы заңды шұғыл өзгертуді тапсырды

"Әр баланың өмірі қымбат". Жолдауда осылай деген Қасым-Жомарт Тоқаев электросамокаттар туралы заңды шұғыл өзгертуді тапсырды. Ол былтыр жол қауіпсіздігіне қатысты біраз тапсырма берілгенімен көлік апаттары азаймай тұрғанын тілге тиек етті. Елдің әр өңіріндегі тұрғындар да мемлекет басшысының бұл бастамасын қолдап отыр. Бұдан өзге экологиялық мәселелер, жасанды интеллект және "Таза Қазақстан" жобасына байланысты пікір білдірді.

БЛИЦ:

- Жасанды интеллекттің арқасында көп нәрсені жеңілдетуге болады ғой. Мысалы, автоматтандыру деген сияқты. Сондықтан оны дамыту керек деп ойлаймын. Бірақ, әрине, қауіпсіздік жағын көп ойлау керек.

- Қазақстан өзіңіз білесіз, бұл су тапшылығы бар үлкен региондардың біріне жатады. Сондықтан бізде Аралды сақтау, кіші өзендерді сақтау - үлкен экологиялық проблема. Осы бағытта әрине экологиялық білім, экологиялық мәдениетті дамыту өте өзекті болады.

- "Таза Қазақстан" жобасын жүзеге асыру барысында қоғамның да жастар болып, үлкен аулаларды жұмыс істеп жатырған кезде ақсақалдардың, балалардың, сол көшенің тұрғындарының бізге келіп, қосылып жатырғаны бұл жалпы елімізде осы тазалыққа, "Таза Қазақстан" жобасының жемісі деп білеміз. Бұл Қазақстанның тазалығында жалпыұлттық мәдениеттің қалыптасқанын көріп отырмыз.

- Мысалы үшін асфальтты жөндету керек. Самокаттардың өзін жасайтын алаңдарын, жүретін алаңдарын жасату керек.

- Студенттер ғой, жас балалар түнгі уақытта айдайтындар. Оларға арнайы бір светоотражающий киім кию керек. Осылар болса қауіпсіздік сақталады.