$535.13 €627.44 ₽6.52
×

Ақтөбеде ЖИ негізінде әзірленген «AI-Sana» жобасымен кәсіп бастаған студенттер бар

AstanaTV
08.09.2025ж. 19:00
Ақтөбеде ЖИ негізінде әзірленген «AI-Sana» жобасымен кәсіп бастаған студенттер бар

Жасанды интеллект саласында «AI-Sana» жобасы студенттер арасында  танымал. Бағдарлама былтыр Мемлекет басшысына қанатқақты жоба ретінде таныстырылған болатын. Биыл ақтөбелік студенттер арасында кең қолданыста. Бағдарманың мақсаты -жасанды интеллектіні сабақта ғана емес, өмірде қолдануға үйрету. Алдымен студенттер теорияны игереді. Кейін өздерінің жеке жобаларын әзірлеп, оны тәжірибеде сынайды. Ең соңғы сатысында  стартаптарын инвесторларға ұсынады. Мамандардың айтуынша «AI-Sana» жобасы арқылы кәсіп бастаған студенттер де бар.

АҚЕРКЕ АЯҒАНОВА, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

Қазір біздің ғылым және білім жоғарғы білім министрлігінің қолдауымен «Айсана» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобаның аясында біздің барлық студенттеріміз атап айтқанда 14000студентіміз сол ЖИ бағыты бойынша курстардан өтіп жатыр.