Су ресурстарының цифрлық платформасы жасалады. Маңғыстаудан арнайы келіп, Мемлекет басшысының Жолдауын тыңдаған мұнайшы Арғын Бисенов бұл жаңалыққа ерекше қуанды. Расында, су -стратегиялық маңызы бар ресурс. Сусыз өмір жоқ. Сондықтан бұл сала ұлттық цифрлық жаңғыру жұмысындағы басты бағыттың бірі болмақ. Енді гидрогеологиялық мониторинг жасалып, тіршілік нәріне қатысты ақпарат ортақ ресурсқа жиналады. Осылайша, ұзақ мерзімді саясат жүргізіліп, инвестиция да тартылады.
АРҒЫН БИСЕНОВ, МҰНАЙШЫ:
Президент жаңа ғана Жолдауында жерасты суларын пайдалану туралы баса айтты. Бұл Маңғыстау өңірінің ерте кезден келе жатқан тәсілі. Себебі, Маңғыстауда мал шаруашылығы өте ертеден дамыған. Сол малды жер асты суымен суарған. Кешегі аталарымыздың: «Өзен жағалағанның өзегі талмас», - демекші, егіншілік те болған біздің Маңғыстауда. Сол тұщы судың шығатын көздері бар. Соларды тиімді пайдаланса, бізде егіншілікті де, мал шаруашылығын да дамытуға болады.