$535.13 €627.44 ₽6.52
×

Президент Жолдауы: Қоғамды жаңғырту мен жаңа бастамалар

Президент Жолдауы: Қоғамды жаңғырту мен жаңа бастамалар

Жолдауда елдің алдағы бағыты айқындалды. Президент көтерген мәселелер көпшіліктің көңілінен шықты. Қазір қоғам қайраткері, жазушы Роза Мұқанова  бізбен тікелей байланысқа шығады. Роза Қажығалымқызы, салеметсіз бе?

РОЗА МҰҚАНОВА, ЖАЗУШЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Сәлеметсіздер ме?

Президент Жолдауы Сізге қандай ой салды? Нендей тұстары ерекше әсер етті?

РОЗА МҰҚАНОВА, ЖАЗУШЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Жолдауды барлығымыз құлақ түре тыңдадық. Бізде қиындықтар көп деді, кедергілер де аз емес деді, бірақ соны бірігіп жеңуіміз керек, бірігіп күш салып, өркениетті ел қатарына біз жетуіміз тиіспіз, біз сол қатардан көрінеміз деді. Оған кешегі Қытай елінде болған, ертеңгі батыста болатын Мемлекет басшысының толарсақтан саз кешіп жүріп, ел мүддесін, ұлтының мүддесін, мемлекетінің мүддесі үшін күресіп, халыққа сенім беріп келе жатқандығы керемет үлкен істердің, игілікті істердің атқарылып жатқандығын қуанышпен қабылдадық.

Президент қоғамдағы мәдениет пен тәртіп мәселесіне де ерекше тоқталды. Осыған байланысты ойыңызды білсек.

РОЗА МҰҚАНОВА, ҚР ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

Бүгін сөз соңында айтқан халыққа айтқан, еліне айтқан бір жанашырлығы, талабы ерекше әсер етті деп ойлаймын. Ол қоғамда өзімізді қалай ұстауға тиістіміз. Біз мәдениетті, тазалықты жоқтайтын ұлт болуға тиіспіз. Қарапайым мәдениеттілікті сақтауға біздің әр азамат біздің мемлекеттің мәдениетіне нұқсан келтірмеу үшін жауапкершілігіміз болу керек екенін атап өтті. Қыздарымыздың өнегелі болуы, ұлдарымыздың парасатты болуы біздің өзімізге байланысты екендігі, біз алға жылжу үшін адам ретінде адами құндылықтарымызды сақтау керектігімізге ерекше назар қойды.

Уақытыңызды бөліп, пікір білдіргеніңізге рақмет! Эфирге қосылғаныңыз үшін алғыс айтамыз.

Рақмет сіздерге!