Биылғы есеп бойынша 16-шы «Тапа» тайфуны дүйсенбі күні таңертең Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының жағалауына жетті, деп хабарлайды Синьхуа.
Қытайдың орталық метеорологиялық қызметінің ақпаратынша, 8-9 қыркүйекте провинцияның орталық және оңтүстік облыстарында нөсер жауын жауады, оңтүстік-батыстың кейбір ауданында жауын-шашын мөлшері 250-280 миллиметрге жетуі мүмкін.
Аймақта ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептер жабылып, пойыздар қозғалысы, паром қатынасы тоқтатылды. Билік тұрғындарды қауіпті аймақтардан эвакуациялап жатыр.
Болжам бойынша, Тапа солтүстік-батысқа қарай шамамен 20 км/сағ жылдамдықпен жылжып, бірте-бірте күшін жоғалтады.