$535.13 €627.44 ₽6.52
×

"Жастардың күш-жігеріне, дарыны мен біліміне сенемін", - Президент

"Жастардың күш-жігеріне, дарыны мен біліміне сенемін", - Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жастардың қазіргі заманға сай ойлау деңгейіне, жаңашыл көзқарасына ерекше тоқталып, олардың білімге, ғылымға деген ұмтылысын жоғары бағалады. Қазіргі жастар патриотизмді жасампаздықпен, жаңашылдықпен байланыстырады және ел дамуына нақты үлес қосуға тырысады.Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының бел ортасында жүрген ерікті жастарға Президент шынайы алғысын жеткізді. Бұл бізді одан әрі қанаттандырды дейді жастар.

БЛИЦ:

Президенттің әрбір тезисінде айтылатындай, ол жастарға да көңіл бөліп отырады. Ендігі алдағы уақытта алдымызға мақсат қойып бергендей болды. Себебі ЖИ дейміз, бұл сұраққа да жастардың тікелей қатысы бар. Заң мен тәртіп және де "Таза Қазақстан" акцисын ары қарай жоғары деңгейде жалғастыру.

Көші-қон саласы да өте маңызды болып тұр. Себебі, дарынды шетелдік азаматтарды да ұлтына қарамай, біздің елімізді дамыта алады ма деген жастарды тарту ел экономикасы үшін өте маңызды.

Жолдауда Президентіміздің бізге деген алғысы біздің әрі қарай жұмыс жасауымызға үлкен септігін тигізуде. Жалпы жастардың әрі қарай рухты жастардың рухының артып, «Таза Қазақстан» жобасын әрі қарай жалғастырып, еліміздің таза болуына атсалысады деген үміттемін.

Жастардың бақытты әрі, қауіпсіз болуы ел дамуының кепілі екенін айтты. Қазақстанды цифрлы мемлекетке айналдыруға алдағы уақытта үлес қосуымыз қажет. Қазіргі ұрпақтар үшін патриотизм дегеніміз халыққа пайдасы тиетін іс атқарып, жаңа жобаларға үлес қосу деп есептейміз.

Жастарды қолдауға және жаңа мүмкіндіктерге қатысты айтылған ойлар біз үшін өте маңызды. Бұл бізді жаңа мақсаттарға жетелеп, жауапкершілігімізді арттырады. Жастар елдің тірегі, сондықтан біз өз білімімізді жетілдіріп, еліміздің дамуына үлкен үлес қосуымыз қажет деп ойлаймын.

Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, білім мен ғылымды дамуы, жастарды қолдау мәселелері ерекше аталып өтті. Әсіресе білім саласына, ауыл шаруашылығына және шағын бизнеске көрсетілетін қолдаулар біз үшін маңызды.