Дүниежүзінде инвестицияға талас өршіп тұр. Сол үшін Президент Жолдауының басым бағыты осы саланы дамытуға бағытталды. Экономикалық өсім, жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен халық тұрмысының реттелуі секілді факторлар осы секторға байланысты. Сарапшылар соңғы 5 жылда инвестициялық белсенділік қарқын алды дейді. Мәселен, 2020 жылы елде негізгі капиталға 12,3 трлн теңге салынса, былтыр 19,4 трлн теңгеге жетті. Ал биыл алғашқы 7 айда негізгі капиталға 9,9 трлн теңге инвестиция тартылған. Жыл соңына дейін оны 25 млрд-қа арттыру міндеті тұр.
ДІНМҰХАММЕД ҒАЛИ, ҚОЛДАНБАЛЫ ЭТНОСАЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:
Осы мәселеге Президенттің көңіл бөлгені заңды. Себебі Үкімет қазір өз тарапынан бағдарлама дайындап жатыр. Биылғы 2025 жылдың қорытындысы бойынша 25 млрд инвистиция тарту көзделіп жатыр осы жобаның арқасында.
ТАЛҒАТ ҚАЛИЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:
Инвестиция жағынан өте үлкен бәсекелестік болып жатыр. Мынау көрші елдеріміз болсын, Өзбекстанды көріп жатырмыз қалай дамып келе жатқанын, дос-бауырлас болсақ та, бір аймақта тұрып жатқан соң бәсекелесімз. Өйткені біз жаққа келетін инвесторлар таңдап отырады.