$535.13 €627.44 ₽6.52
×

Есірткі дүкенін құрды деп күдікке ілінгендер шетелде ұсталды

08.09.2025ж. 18:13
Есірткі дүкенін құрды деп күдікке ілінгендер шетелде ұсталды

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Черногорияның Бар қаласында халықаралық іздеуде жүрген екі күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаскөйлер: есірткі және психотроптық заттарды сату; оларды тұтынуға итермелеу; ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болу; лауазымды тұлғаға пара беру сынды әрекеттерге барды деп күдікке ілінген. 2024 жылдың басында күдіктілер Telegram мессенджері арқылы интернет-дүкен ашып, есірткі және психотроптық заттарды сатқаны анықталды.

Қылмыстық схема бойынша олар курьерлік жұмысқа қабылдау туралы хабарландырулар арқылы басқаларды тартумен, сондай-ақ барлық заңсыз әрекеттерді үйлестірумен және қаржыландырумен айналысқан.

Қазіргі уақытта күдіктілер Черногория аумағында қамауда.