«Жолдау – Әділетті, Бақуатты, Қауіпсіз және Таза Қазақстан құру жолында жасалған ірі әрі маңызды қадам». Мәжіліс Төрағасы, "AMANAT" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов әлеуметтік желідегі парақшасында осылай жазды. «Бұл жолғы бастамалар – қоғам сұранысына, елдегі түйткілді мәселелерді шешуге берілген нақты жауап. Ол Қазақстанның дамуына тың серпін беретін, экономикалық өрлеуіне жол ашатын тың ойлармен, жаңа бастамалармен ерекшеленеді. Осы жолы да Президент мемлекетіміздің алдағы дамуының бағыт-бағдарын айқындап берді», дейді спикер.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
"Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек". Мемлекет басшысы алдымызға осындай стратегиялық міндет қойды. Оған ресурс та, мүмкіндік те жеткілікті. Осы межеге жету үшін Президент қазіргі құзырлы министрліктің негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құруды тапсырды. Бұл – орынды әрі жүйелі шешім.