$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Сенат Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетеді» - М. Әшімбаев

08.09.2025ж. 19:00
«Сенат Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетеді» - М. Әшімбаев

Сенат Мемлекет басшысының жолдауын іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетеді. Мәулен Әшімбаев Палата Бюросының отырысында осылай деді. Онда депутаттар Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында жүктеген міндеттерге сәйкес Сенаттың жұмыс жоспарын талқылады. Парламенттік реформаны іске асыру, «Мемлекеттік мүлік туралы» заңды жаңарту  және басқа да маңызды бағыттар бойынша белсенділік танытуға шақырды. "Мемлекет басшысы белгілеп берген барлық бастаманы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету - біздің басты міндетіміз" - деді ол.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан 3 жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлы мемлекетке айналуға тиіс деп нақты мақсат қойды. Осы бағытта Парламенттің алдында тиісті заңнамалық база құру міндеті тұр. Алдымен Цифрлық кодекстің сапалы қаралуын және уақтылы қабылдануын қамтамасыз етуіміз қажет.