$536.76 €630.85 ₽6.45
×

Кәмелетке толмаған баланы есірткі тасымалдауға пайдаланған контрабандашы ұсталды

Кәмелетке толмаған баланы есірткі тасымалдауға пайдаланған контрабандашы ұсталды

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз тасымалдау дерегінің жолын кесті
Бақылап жеткізу әдісімен жүргізілген арнайы операция барысында Тайланд Корольдігінен есірткі арнасын ұйымдастырған азамат анықталып, әшкереленді.
Қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында күдікті өзінің танысы – кәмелетке толмаған жасөспірімді «дроп» ретінде пайдаланып, есірткі салынған пошталық сәлемдемені «Қазпошта» АҚ арқылы оның атына рәсімдеген.
Жеке тінту кезінде одан 1,3 келі есірткі заты – каннабис WAX тәркіленді.
Тергеу барысында күдіктінің Қарағанды қаласында Telegram мессенджері арқылы «жертөле» әдісімен есірткі таратқаны да анықталды.
Қазіргі уақытта күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.