$535.13 €627.44 ₽6.52
×

Үкіметте салық төлеушіні ЖИ қолдана отырып, сервистік сүйемелдеу тетігін енгізу мәселесін қарастырылды

Үкіметте салық төлеушіні ЖИ қолдана отырып, сервистік сүйемелдеу тетігін енгізу мәселесін қарастырылды

Үкімет отырысында Президенттің 2025 жылғы Жолдауын жүзеге асыру шаралары туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында жасанды интеллектіні қолдана отырып, салық төлеушіні сервистік сүйемелдеу тетігін енгізу жоспарланып отырғанын атап өтті.
 

«Қаржы министрлігі Цифрландыру министрлігімен бірге Мемлекеттік кірістер комитетінің Деректерді өңдеу орталығын құруды қамтамасыз етсін», — деп тапсырды Олжас Бектенов.


Цифрландыру министрлігіне салық және кедендік әкімшілендіру қызметтерін көрсету үшін аталған орталықты жасанды интеллектіге қатысты қажетті ресурстармен қамтамасыз ету міндеті қойылды.