$536.76 €630.85 ₽6.45
×

Конституциялық сотқа 2,5 жыл ішінде азаматтардан 11 мыңнан астам өтініш түскен

Конституциялық сотқа 2,5 жыл ішінде азаматтардан 11 мыңнан астам өтініш түскен

Конституциялық сотқа екі жарым жылда азаматтардан 11 мыңнан астам өтініш  түскен.Оның 5 мыңнан астамы құқықтық тұрғыдан зерделеніп, 300-ден көп шешім қабылданған. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимова мәлімдеді.

Оның айтуынша, азаматтар егжей-тегжейлі құқықтық кеңес алу үшін Конституциялық сот аппараты жанындағы Өтініштерді қабылдау орталығына жүгіне алады. Осыған  дейін мыңнан астам адам  консультация алған.  Орталықтағы заң консультанттары мен адвокаттар азаматтарға тегін кеңес береді. Президенттің пікірінше, Конституциялық сот азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепіл болуы тиіс. Сонымен қатар сот органының құқықтық ұстанымдарын дәйекті түрде іске асыру маңызды.