Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Мәжілістегі алты саяси партияның фракция жетекшілерімен кездесті. Президент бір палаталы Парламент құру бастамасын көтерді. Соған орай 2027 жылы Жалпыұлттық референдум өткізуді ұсынды. Мемлекеттік кеңесші Президенттің жаңа саяси бастамасы, ең алдымен, саяси жүйенің институционалдық негіздерін одан әрі нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Фракция жетекшілері Мемлекет басшысының Парламентті реформалау жөніндегі ұсынысына қолдау білдіріп, алдағы қоғамдық талқылауларға белсене қатысуға дайын екенін жеткізді. Ерлан Қарин Президент бастамаларын іске асыруға заңнамалық тұрғыдан белсенді қолдау көрсеткені үшін партиялық фракцияларға алғыс айтып, алдағы уақытта да осындай тиімді ықпалдастық болатынына сенім білдірді.