$536.76 €630.85 ₽6.45
×

"Жолдау елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына стратегиялық бағыт сілтейді" - Ж. Шаймарданов

"Жолдау елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына стратегиялық бағыт сілтейді" - Ж. Шаймарданов

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында сарапшылар Президент Жолдауында айтылған негізгі бағыттарды талқылады. Мамандардың айтуынша, саяси реформалар елімізде жаңа саяси мәдениет пен дәстүр қалыптастыруға жол ашады. Бұл Қазақстанның алдағы саяси жаңғыруының берік іргетасы болмақ. Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар мен ғалымдар қатысты. Кездесуде Жолдауда көтерілген негізгі бағыттар -  саяси жүйені жаңғырту, экономиканы әртараптандыру, білім беру мен әлеуметтік саланы дамыту мәселелері сөз болды. Сарапшылар мемлекеттік басқаруды жетілдіру, аймақтық даму және инвестиция тартудың маңызын атап өтті. Мамандардың айтуынша, Президенттің Жолдауын жүзеге асыруда ашық пікірталас алаңдары мен ғылыми талдау орталықтарының рөлі зор болмақ.

ЖАНДОС ШАЙМАРДАНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Президенттің бастамасымен жүзеге асқан саяси реформалар елімізде жаңа дәстүр мен саяси мәдениетті қалыптастыруға негіз болып отыр. Бұл алдағы саяси жаңғырудың берік іргетасы. Жолдаудың екінші бөлігі экономикаға арналды. Әсіресе, өңірлерді дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жақсарту, баға өсімін тежеу және әлеуметтік саланы реформалау мәселелері көтерілді. Цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту. Бұл бастамалар экономиканы да, әлеуметтік саланы да, мемлекеттік басқаруды да жаңа деңгейге шығаруға ықпал етпек.